Бразилияның бұрынғы президентіне жаңа айып тағылды

Лула да Силва. © Leonardo Benassatto / REUTERS

Бразилияны? Бас прокуратурасы д?йсенбіде б?рын?ы ел президентіне, сенатор?а ж?не "Е?бек етушілер партиясыны?" басшысы Глейзи Хоффман?а, бірнеше б?рын?ы министр мен к?сіпкер Марселу Одебрехтке ?атысты белсенді ж?не пассивті жем?орлы?, ?аражат жым?ыру баптары бойынша жа?а айыптар та?ты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бразилияның Бас прокуратурасы дүйсенбіде бұрынғы ел президентіне, сенаторға және "Еңбек етушілер партиясының" басшысы Глейзи Хоффманға, бірнеше бұрынғы министр мен кәсіпкер Марселу Одебрехтке қатысты белсенді және пассивті жемқорлық, қаражат жымқыру баптары бойынша жаңа айыптар тақты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Globo арнасының мәліметінше Odebrecht құрылыс компаниясы 2010 жылы өздеріне ыңғайлы жағдайдың жасалуы үшін ел президенті Лулеге 64 миллион реал (18,4 миллион доллар) беретін болып, уәде берген. 

Лула жемқорлық үшн жазасын өтеп жатыр. Бразилия жоғарғы сотының төрағасы Эдсон Факин сәуірдің басында бұрынғы президенттің сот үкіміне берілген арызын қараусыз қалдырып, оны Куритиба қаласындағы түрмеде жазасын өтеуге жіберді. Қаңтарда Лула да Силва жемқорлық үшін 12 жылға сотталған еді. 

Реклама
Реклама

Луис Инасиу Лула да Силва 2003-2010 жылдары Бразилия президенті болған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама