ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2021 | 15:11
Бразилия президенті COVID-19-ға қарсы екпе алудан бас тартты
Бразилия президенті Жаир Болсонару COVID-19 вакцинасын салдырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Notimérica сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бразилия президенті Жаир Болсонару COVID-19 вакцинасын салдырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Notimérica сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұған дейін Бразилия президенті вакцина салдырған "соңғы бразилиялық" болатынын айтқан болатын.
"Мен вакцина салдырмаймын деп шештім. Жаңа зерттеулерді қарап жатырмын, менде иммундаудың ең жоғары деңгейі бар, неге вакцина салдыруым керек? Бұл лотереядан ұтыс ұту үшін 10 реал тіккенмен бірдей", - деді президент.
Болсонару сонымен қатар Бразилияның кейбір ірі қалаларында белгілі бір қоғамдық орындарға кіру үшін вакцинацияланған адамдарға берілетін санитарлық рұқсат қағаздарына үзілді-кесілді қарсы.
"Мен үшін бостандық бәрінен жоғары. Егер азамат вакцина алғысы келмесе, бұл оның құқығы", - деді Болсонару.
Бразилияның 213 миллион халқының 100 миллионға жуығы COVID-19-ға вакцинасын толықтай салдырды, тағы 50 миллион адам вакцинаның алғашқы дозасын алды. Бразилия өткен аптада ауру жұқтырудан АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алды, 600 мың адам коронавирустан қайтыс болды.
Айта кетейік, Бразилия президенті пандемия басталғаннан бері бірнеше рет сарапшылардың үндеулерін елемей, маска киюден бас тартып, оқшаулау шараларын қолдануға қарсы болды.
Болсонару сонымен қатар вирустың таралу қарқынына қарамастан, шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді. Бұл үшін Бразилия кәсіподақтары президентті сотқа берді. Өткен жылдың наурыз айында Болсонаруға қоғамдық жерде маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, бірнеше күннен кейін ол коронавирус жұқтырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также