24 тамыз 2020 17:27

Бразилия президенті журналиспен төбелесе жаздады - БАҚ

Фото: dw.com

Бразилия президенті Жаир Болсонару ыңғайсыз сұрақ қойған журналистке қол көтере жазады, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия президенті Жаир Болсонару ыңғайсыз сұрақ қойған журналистке қол көтере жазады, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

O Globo бразилиялық газетінің мәліметінше, оқыс оқиға өткен аптаның жексенбісінде болған. Аудиожазбаға қарағанда, журналист президенттен әйелі Мишель Болсонарудың сыбайлас жемқорлық істеріне қатысы бар-жоғын сұраған.

Реклама
Реклама

"Мен сенің бетіңнен ұрғым келіп тұр", - деп Жаир Болсонару сұраққа жауап берген.

Осы сәтте, басылымның мәліметінше, президент пен журналист сөзге келіп қалған. Кейін Жаир Болсонару тілшілердің сұрағына жауап бергісі келмей, оқиға орынан асығып кетіп қалған.

O Globo тілшісінің сұрағы газетте жарияланған Бразилиядағы жемқорлық мақаласымен байланысты болған екен. Онда Жаир Болсонарудың әйелінің есепшотына ұлдарының бірінің бұрынғы кеңесшісі 12 мың доллардан аса (5 миллион теңге) ақша аударғаны жазылған.

Қазіргі таңда президенттің тұңғыш ұлының экс-кеңесшісі қамауға алынып, оның үстінен заңсыз банк операциялары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram