ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2021 | 14:16
Бразилия президенті қырғын жасады деп айыпталуы мүмкін
Бразилия сенатының комиссиясы COVID-19 пандемиясымен күресу әрекетіне байланысты қазіргі президент Жаир Болсонаруға қарсы қырғын жасады деген айып тағуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бразилия сенатының комиссиясы COVID-19 пандемиясымен күресу әрекетіне байланысты қазіргі президент Жаир Болсонаруға қарсы қырғын жасады деген айып тағуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Баяндама жобасына сәйкес, Бразилиядағы COVID-19 пандемиясы жағдайын тергеуді басқаратын сенатор Болсонаруға вирустың таралуына ықпал еткен және 600 мыңнан аса адам өліміне әкелген шешімдері үшін 13 қылмыстық айып тағуды ұсынған.
Саясаткер ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үміттеніп, коронавирустың таралуына жол берді деп айыпталған.
Шамамен, 1200 беттен тұратын құжатта Болсонару "үкіметтің COVID-19 пандемиясы кезінде жіберген қателіктеріне басты жауапты" деп аталады. Баяндамада Бразилия президенті денсаулық сақтау министрлігі ұсыныстарына қайшы әрекет етіп, тексерілмеген қаражатты пайдалануды қолдады делінген.
Баяндамада айтылған басқа қылмыстарға Бразилияның байырғы тұрғындарына қарсы геноцид, заңсыздық, мемлекеттік қаржыны мақсатсыз пайдалану, санитарлық шараларды бұзу, қылмысқа итермелеу және жеке құжаттарды қолдан жасау жатады.
Агенттік мәліметінше, құжат бүгін ел Сенатында ресми түрде қаралады. Егер комиссия мақұлдаған жағдайда, құжат бас прокурорға жіберіледі.
Бұған дейін Бразилия Жоғарғы соты президент Жаир Болсонарудың COVID-19 пандемиясы жағдайындағы әрекеттері бойынша тергеуді бастауды мақұлдаған болатын. Бразилия Сенатының комитеті Болсонару COVID-19 пандемиясынан қайтыс болғандар санын әкімдер көбейтті деп мәлімдеп, жалған деректерді қолданғанын анықтаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также