ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2021 | 17:58
Бразилия президенті Пиза мұнарасының атынан шатасып, мемге айналды
Бразилия президенті Жаир Болсонару Италиядағы әлемге әйгілі Пиза мұнарасының атауын шатастырып "пицца мұнарасы" деп атап, мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бразилия президенті Жаир Болсонару Италиядағы әлемге әйгілі Пиза мұнарасының атауын шатастырып "пицца мұнарасы" деп атап, мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бразилия басшысы 5G технологиясын іске қосу рәсімі кезінде қателік жіберді. Болсонару жақында Италияға ұшып, "пицца мұнарасына" барғанын мойындады. Президенттің шатасуы желіде күлкіге айналды.
"Мен Бразилияға, бүкіл әлемге саяхаттаймын. Мен жақында Италияда болып, пицца мұнарасына кірдім", - деді ол.
Twitter қолданушылары қараша айының басында баспасөз мәслихатын еске түсірді. Болсонару G20 көшбасшыларының саммитіндегі кездесулері туралы айтып, АҚШ-тың климат жөніндегі кеңесшісін Джон деудің орнына Джим Керри деп атады.
Сондай-ақ, Twitter-де пиццаның әртүрлі түрлерінен жасалған мұнара фонында тұрған Болсонарудың суреттері пайда бола бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также