Бразилия президенті шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Бразилия президенті Жаир Болсонару іш ауруына байланысты шұғыл ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилия президенті Жаир Болсонару іш ауруына байланысты шұғыл ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жаир Болсонару іші қатты ауырғандықтан жедел тексеруден өту үшін ел астанасындағы әскери госпитальға жеткізілді.

"Оның жағдайы жақсы", - деді Бразилия президенті үкіметінің коммуникациялар министрі Фабио Фариа. Ол Болсонарудың "іштегі жайсыздықты" сезінгеннен кейін тексеру үшін ауруханаға жеткізілгенін растады.

Реклама
Реклама

Ол ауруханада түні бойы бақылауда болады. Әзірге дәрігерлер мемлекет басшысының жағдайына қатысты пікір білдірген жоқ. Бірінші ханым Мишель Болсонару күйеуінің жағдайы жақсы екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама