01 қараша 2021 | 11:06

Бразилия президентінің күзетшілері журналистерге шабуыл жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бразилия президенті Жаир Болсонарудың күзетшілері оның G20 саммитіне Римге сапарын жазып жатқан бразилиялық тілшілерге күш қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бразилия президенті Жаир Болсонарудың күзетшілері оның G20 саммитіне Римге сапарын жазып жатқан бразилиялық тілшілерге күш қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік Болсонарудың баспасөзбен дұшпандық қарым-қатынаста екенін және ұзақ уақыт бойы журналистерді жалған ақпарат жариялады, оған әділетсіз қарым-қатынас жасады деп айыптап келгенін айтты.

Шабуыл президент Италия астанасының көшелерінде ұлттық құрама киімін киген бразилиялықтармен кездескен сәтте болған. Оны Бразилияда коронавирус инфекциясымен дұрыс күреспегені үшін қатты сынға алды, ал кейбіреулер оның әрекетін "геноцид" деп бағалады.

Реклама
Реклама

Журналистер түсірген видеода Болсонару жақтастарымен селфи жасап, сөйлесіп жатқан кезде күзетшілердің журналистерді көшеге итеріп жібергені көрсетілген.

"Globo телеарнасының журналисі Леонардо Монтейро Болсонарудан G20 шарасындағы бірде-бір іс-шараға неліктен қатыспағанын сұрағаннан кейін күзетшілердің бірі асқазан тұсынан соққы беріп, кері итеріп жіберді", - деп хабарлады Deutsche Welle.

"Globo өзінің тілшісі Леонардо Монтейроға және Римдегі басқа әріптестеріне жасалған агрессияны қатаң айыптайды және жауапкершілікті толық бағалауды талап етеді", - делінген хабарламада.

Бразилиялық Folha de S. Paulo газетінің Еуропадағы тілшісі Ана Эстела Де Соуса офицерлердің "оны итеріп, дұрыс қарым-қатынас жасамағанын" айтып шағымданды.

"Бұл дұрыс емес. Біз шағым түсіреміз. Президенттік сапарлар мен осындай оқиғаларды жазған 20 жыл ішінде менің басымнан мұндай жағдай өткен емес", - деді ол.

Қауіпсіздік қызметкерлері бразилиялық па, италиялық па белгісіз. Globo хабарлауынша, итальяндарға Болсонарудың қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктелген.

Айта кетейік, Бразилия президенті пандемия басталғаннан бері бірнеше рет сарапшылардың үндеулерін елемей, маска киюден бас тартып, оқшаулау шараларын қолдануға қарсы болды. 

Болсонару сонымен қатар вирустың таралу қарқынына қарамастан, шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді. Бұл үшін Бразилия кәсіподақтары президентті сотқа берді. Өткен жылдың наурыз айында Болсонаруға  қоғамдық жерде маска тақпағаны үшін айыппұл салынды, бірнеше күннен кейін ол коронавирус жұқтырды.

Бұған дейін Бразилия жоғарғы соты президент Жаир Болсонарудың COVID-19 пандемиясы жағдайындағы әрекеттері бойынша тергеуді бастауды мақұлдаған болатын. Бразилия Сенатының комитеті Болсонару COVID-19 пандемиясынан қайтыс болғандар санын әкімдер көбейтті деп мәлімдеп, жалған деректерді қолданғанын анықтаған еді.

жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная