28 қаңтар 2019 | 12:30

Бразилияда бөгет жарылды: Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың саны артып жатыр

© REUTERS

Бразилияның шығыс бөлігінде бөгет жарылысының салдарынан лай-батпақтың арасынан адамдардың денелері шығарылып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бразилияның шығыс бөлігінде бөгет жарылысының салдарынан лай-батпақтың арасынан адамдардың денелері шығарылып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жұмада таңғы уақытта Минас-Жерайс штатындағы Брумадинью муниципалитетінде бөгет жарылды. Бөгеттің жұмысы үшін Vale тау-кен қазу компаниясы жауапты. Лай батпақ компанияның әкімшілік ғимаратын және тұрғындардың үйлерін басып қалған. Алайда төтенше жағдай туралы апатты ескерту дабылы қосылмаған. 

Реклама
Реклама

Жексенбіде 58 адамның қайтыс болғаны және 305 адамның із-түссіз жоғалып кеткені хабарланды. Осыған дейін 37 адам қайтыс болғаны және 280 адам іздестіріліп жатқаны айтылған. 

Лай астынан қазылып шығарылған жолаушылары бар автобусты тапқаннан кейін қайтыс болғандар саны өскен. 

Жексенбіде іздеу жұмыстары тоқтатылды, себебі тағы бірі шахтада апатты жағдай туралы ескерту дабылы іске қосылды. Екінші бөгеттің жарылу қаупі бар, жергілікті тұрғындар эвакуацияу басталды. 

Кейінірек төтенше жағдай жалған болып шығып, іздеу жұмыстары қайта жалғасқан. 

Маркони Машаду есімді азамат оқиға орнына немере інісін іздеп келген. Оның айтуынша, Бразилия бұрынғы тәжірибесінен сабақ алмаған. "Бразилия бір қатені қайталап отыр. Адамдар іске емес, сөзге сенеді", - деді ол. 

2015 жылы Vale компаниясының тағы бір бөгеті жарылған еді. Минас-Жерайс штатында болған төтенше жағдай салдарынан 19 адам қаза тапқан еді, жүздеген адам үйін тастап қашуға мәжбүр болған. 


Фото ©REUTERS

The New York Times мәліметінше, жергілікті тұрғындар Бразилияның ең ірі тау кен өндірісімен айналысатын ұйымдардың жауапсыздығын кінәлап отыр. Бразилиялықтардың көбі жексенбіде іске қосылған төтенше жағдай  туралы ескерту дабылы жүйенің істен шыққанын көрсететін айтады. Сол себепті жергілікті тұрғындарға қауіп әлі де төніп тұр екен. 

The Washington Post газеті Бразилияда Vale компаниясына қарсы қылмыстық процес ашуға шақырып жатқанын айтады. Бразиляи адвакат қызметінің басшысы Андре Мендоса болған оқиғаға компанияны кінәлайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная