Бразилияда бөгет жарылған сәттің видеосы: 121 адам қаза тапты

Бразилияда бөгет жарылған сәттің видеосы: 121 адам қаза тапты

Бразилияның Минас-Жерайс штатындағы Vale тау-кен қазу бөгетінің жарылған сәті крандағы бақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Euronews.

Бразилияның Минас-Жерайс штатындағы Vale тау-кен қазу бөгетінің жарылған сәті крандағы бақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Euronews.

Металлургиялық кәсіпорынның қалдықтары шығарылып отырған бөгет қабырғасы қысымға шыдамай, су мен лайдың үлкен массасы жолындағының бәрін жапырып, шайып кеткен. Бразилия телеарналары жариялаған кадрлардан лай ағысының лап қойғаны, ал жұмысшы көліктері мен жүк көліктерінің қашуға ыңғайланған сәті көрсетілген.  

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, қайғылы оқиға Бразилияның оңтүстік-шығысында 25 қаңтарда болған еді. Бөгет жарылуының салдарынан лай көшкіні Vale компаниясының әкімшілік ғимараттары мен тұрғын үйлерді шайып өткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 121 адам қаза тапқан, тағы 226 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Қауіпсіз аймаққа 24 мыңнан аса адам көшірілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама