Бразилияда футболшылар отырған ұшақ құлады

Фото: twitter.com/geglobo

Бразилияның Токантис штатында жеңіл ұшақ апатқа ұшырады. Бортта "Пальмас" клубының төрт футболшысы, команда президенті және ұшқыш болған. Олардың ешқайсы аман қалмады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бразилияның Токантис штатында жеңіл ұшақ апатқа ұшырады. Бортта "Пальмас" клубының төрт футболшысы, команда президенті және ұшқыш болған. Олардың ешқайсы аман қалмады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Апат жексенбіде таңертең команда мүшелері Гояниядағы Вила-Нова командасымен матчқа бара жатқанда болды. Ұшақ жерге құлап, түгі қалмаған.

"Клуб президенті Лукас Мейра, ұшқыш Вагнер және спортшылар Лукас Пракседеш, Гильерме Ноэ, Рануле және Маркуш Молинари отырған ұшақ ұшты және Токантинс авиация қауымдастығының ұшу-қону жолағының аяқ жағында апат болды. Өкінішке қарай, ешкім тірі қалмады деп хабарлаймыз", - делінген клуб хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама