ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 наурыз 2020 11:18
Бразилияда кеме апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар
Бразилияда кеме апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты. Тағы 22 адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Кеме апаты 29 ақпанда болған. Бірақ биліктегілер кемеде нақты қанша жолаушының болғанын білмейді. Тек 46 адамды құтқару мүмкін болған.
Бразилияның бас прокуратурасы арнайы комиссия құрылып, қайғылы жағдайдың себебі анықталатынын айтты.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу