14 сәуір 2020 12:51

Бразилияда коронавирусқа қарсы дәріні сынақтан өткізуде 11 адам қайтыс болған

Фото: REUTERS

Бразилияда безгекке қарсы "Хлорохин" препаратын сынақтан өткізу тоқтатылды. Себебі препараттан 11 адам қайтыс болған , - деп хабарлайды Inquisitr.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда безгекке қарсы "Хлорохин" препаратын сынақтан өткізу тоқтатылды. Себебі препараттан 11 адам қайтыс болған , - деп хабарлайды Inquisitr.

Дереккөз мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп осы дәріні қолданып көруге кеңес берген.

Реклама
Реклама

"Хлорохин" препаратын сынақтан өткізуге 81 адам қатысқан. Олардың жартысынан көбі бұл дәріні 600 миллиграм мөлшерінде қабылдаған. Ал қалғандары күнделікті норма - 450 миллиграм қабылдаған. Үш күннен соң зерттеушілер дәріні көп мөлшерде қабылдағандарда аритмия пайда болғанын байқаған. Ал зерттеудің алтыншы күні 11 науқас қайтыс болған. Осыдан кейін зерттеу тоқтатылған.

Мұның алдында Дональд Трамп осы препараттың коронавируспен күресуде тиімді екенін бірнеше рет айтқан болатын.

HYDROXYCHLOROQUINE & AZITHROMYCIN, taken together, have a real chance to be one of the biggest game changers in the history of medicine. The FDA has moved mountains - Thank You! Hopefully they will BOTH (H works better with A, International Journal of Antimicrobial Agents).....

— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) March 21, 2020

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram