12 тамыз 2020 | 17:38

Брест милициясы наразы топқа оқ атты

Фото: zautra.by

Беларусьтегі Брест қаласында милиция қызметкерлері наразы топқа оқ атты. Салдарынан бір тұрғын жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Беларусь агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьтегі Брест қаласында милиция қызметкерлері наразы топқа оқ атты. Салдарынан бір тұрғын жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Беларусь агенттігіне сілтеме жасап. 

"Брестте милиция қызметкерлеріне қолында арматура бар наразы топ шабуыл жасаған. Милиция оларға ескерту жасап, төбеге оқ атқан. Алайда олар бұл ескертуді елемеген. Құзырлы орган қызметкерлері өз өмірін аман сақтап сақтау қалу үшін наразы топқа оқ атуға мәжбүр болды. Милицияға шабуыл жасаған бір адам жараланды", - дейді Беларусь ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ольга Чемоданова.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол милиция қызметкерлеріне шабуыл жасау дерегі бойынша 17 қылмыстық іс тіркелгенін атап өтті.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: арнайы жасақ үйлердің кіреберісіне шабуыл жасады

Tut.by порталының хабарлауынша, өткен түнде мыңнан астам адам ұсталған. 25 қалада тәртіпсіздік тіркелген.

"Беларусь денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 51 адамға медициналық көмек қажет болған. 14 милиция және ішкі істер органдарының әскери қызметкерлері түрлі дене жарақатын алған. Олардың кейбірі ауруханада жатыр", - деліген басылым таратқан хабарламада.

Бұған қарамастан елде наразылық акциясы жалғасып жатыр.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: ұсталған және зардап шеккендер туралы ақпарат шықты

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан болатын. Оппозиция президент сайлауының нәтижесін мойындамай отыр. Беларусь орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл сайлауда қазіргі президент Александр Лукашенко 80 пайыздан аса дауыс жинаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram