12 мамыр 2021 | 09:38

"Бригада" сериалының актері Жеңіс шеруін сынға алды

"Бригада" актерлері - Сергей Безруков, Павел Майков, Дмитрий Дюжев және Владимир Вдовиченков

"Бригада" сериалындағы Пчела рөлімен танымал ресейлік актер Павел Майков 9 мамырдағы Жеңіс шеруін сынға алды, - деп хабарлайды Газета.Ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Бригада" сериалындағы Пчела рөлімен танымал ресейлік актер Павел Майков 9 мамырдағы Жеңіс шеруін сынға алды, - деп хабарлайды Газета.Ru.

"Бұл күні үнсіздік болуы керек, ән айтылмауы керек ...қару-жарақты көрсету емес. Оның қаншалықты қорқынышты болғанын ойлау және одан сабақ алу керек. Ал біз, оған сабақ ретінде қарамаймыз, керісінше қару-жарағымызды шығарамыз", - деді Майков.

"Жеңіс - бұл көз жасы. Соғыс - қорқыныш, өлім және қан. Онда ешқандай романтика жоқ. Мен онда болмадым, бірақ соған сенімдімін", - деді актер.

Реклама
Реклама

"Жеңіс - бұл көз жасы. Соғыста жеңімпаз жоқ. Соғыста жеңіске жету мүмкін емес, өйткені соғыста адамдар қаза табады, ал адамдар - ол ғалам", - деді ол.

Сонымен қатар, Майков Жеңіс шеруіне халықтың ақшасы жұмсалатынына алаңдаушылық білдірді.

Бұған дейін Ресей халық әртісі Дмитрий Назаров "мағынасыз шеруге" қарсы шыққан болатын. Актер Жеңіс күнін өткізудің қалыптасқан нұсқасын сынға алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная