Британдар Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қолдап, дауыс берді

© Twitter

Ұлыбританияда Еуропалық одақтан шығу мәселесіндегі референдум аяқталды. Сонымен, ағылшындардың 52 пайызы одақтан шығуды қолдаса, 48 пайызы қолдамаған, - деп хабарлайды BBC News.

Лондон мен Шотландия мүшеліктің сақталуын қолдаса, Англияның солтүстігі керісінше нәтиже көрсеткен. Шығуға Уэльс те, Англияның басым бөлігі де дауыс берген. Референдумға сайлаушылардың 71,8 пайызы қатысқан - 30 миллион адам. Бұл көрсеткіш елдегі дауыс берушілердің сайлауға қатысуының ең жоғары көрсеткіші. 

Еске салайық, 23 маусымда Ұлыбританияда Еуропалық Одаққа мүше болуға байланысты референдум өткен еді. Онда Ұлыбританиялықтарға мынандай сұрақ қойылған болатын: "Біріккен Корольдік Еуропалық Одақтың құрамында қалу керек пе әлде шығу керек пе?".

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама