Брюссельде тағы бір жойқын жарылыс болды

© twitter.com/rtlinfo

Брюссельдегі Схарбек деп аталатын ауданда тағы бір жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Lifenews.ru жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Олардың хабарына қарағанда, ауданда антитеорор операция жүріп жатыр. Оқиға болған ауданда атыстар естілген.

Реклама
Реклама

Күш құрылымдары қазіргі уақытта көшелерді қоршауға алып, қоғамдық көліктердегі адамдарды эвакуациялап жатыр екен. Жергілікті БАҚ мәліметінше, арнайы қызмет сарбаздары терроризм бойынша күдіктіні ауыздықтаған.

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше жанкештінің қатысы бар деп есептейді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама