Брюссельдегі терактілерден қаза тапқандар 34-ке жетті

© express.co.uk

Брюссельдегі терактілерден қаза тапқандар 34-ке жетті, олардың 20-сы "Мальбек" метрополитен станциясында, қалған 14-і әуежайдағы жарылыстардан қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости бельгиялық VRT телеарнасына сілтеме жасап. Осыған дейін қаза болғандар 28 еді. 

Сонымен қатар, БАҚ-тар ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған) бұл терактіге жауапкершілік алғанын таратты. Бұл туралы италиялық askanews агенттігі ДАИШ-пен байланысы бар Amaq агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Брюссельдегі әуежайдың жарылыстар болған ұшу залында Калашников автоматының табылғаны белгілі болды. Бұған дейін куәгерлер жарылыстан бұрын атыстың болғанын айтқан еді.  

Реклама
Реклама

Бельгияның құқық қорғау органдары қала аудандарында тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама