Брюссельдегі терактілерге қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды

© Reuters

Бельгияның федералдық прокуратурасы Брюссель қаласында болған терактілерге қатысы бар деген күдікпен алты адамның ұсталғанын растады, - деп хабарлайды BBC News.

Басылымның мәліметінше, олардың үшеуі Брюссельдің орталығында орналасқан федералдық прокуратураның маңында ұсталған. Полицейлер әуежай мен метрода жарылыс ұйымдастырғандардың кемінде екеуі қашып жүргенін айтып отыр.

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болған еді. Ел билігі оған бірнеше жанкештінің қатысы бар деп есептейді. Сейсенбі күні Брюссельдегі "Мальбек" метро станциясының вагонында үшінші жарылыс болды. Бұл шабуылды ДАИШ өз жауапкершілігіне алды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама