10 ақпан 2021 | 10:39

Бішкек мэрінің жаңа міндетін атқарушы тағайындалды

Фото: 24.kg

Қырғызстан премьер-министрі Улукбек Марипов Шу облысының бұрынғы губернаторы Бақтыбек Құдайбергеновті Бішкек мэрінің жаңа міндетін атқарушы етіп тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан премьер-министрі Улукбек Марипов Шу облысының бұрынғы губернаторы Бақтыбек Құдайбергеновті Бішкек мэрінің жаңа міндетін атқарушы етіп тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

"Бақтыбек Жапарұлы Құдайбергенов Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының жаңа мэрі тағайындалғанға дейін Қырғыз Республикасы Бішкек қаласы мэрінің міндетін атқарушы болады. Бұл шешімге премьер-министр Улукбек Марипов қол қойды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Оның айтуынша, Мариповтың шешімімен кеше кәсіпкер Эрмек Нұрғазиев мэр қызметінен босатылды.  

Реклама
Реклама

Кеше Бішкек мэрінің м.а. Балбак Тулобаев үш ай жұмыс істегеннен кейін өз еркімен муниципалитет басшысы қызметінен кетті. Министрлер кабинетінің басшысы сол күні әйелге қол көтерген оқиғасымен танымал Нұрғазиевті оның орнына тағайындаған болатын. Алайда бұл шешімді жұртшылық, содан кейін ел президенті Садыр Жапаров сынға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная