Бішкек орталығында жарылыс болды
Қырғызстан астанасының орталығындағы кафеде жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жарылыс Чуй мен Эркиндик даңғылдарының қиылысында орналасқан "Антошка" кафесінде болды. Куәгерлердің айтуынша, басында бір жарылыс болған, кейін тағы екеуі естілген. Кафе отқа оранған, қазір оқиға орнына өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Момент взрыва попал на камеру ! Район кинотеатра Ала-тоо Как сообщается умерла сотрудница фастфуда Антошка , так же два человека пострадало #бишкек#кыргызстан#алатоо#кинотеатрАлатоо#новостибишкек#площадь#площадьалатоо
Публикация от Авто Рынок (@avto_bishkek312) 8 Ноя 2019 в 12:37 PST
Оқиға орнынан зардап шеккен екі адам эвакуацияланды. Жарақат алғандардың нақты саны белгісіз. Өрт сөндірушілердің алдын ала мәліметі бойынша, кафеге орнатылған газ баллондары жарылуы мүмкін.
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Пікірлерді оқу