Бішкек іргесінде атыс басталып, арнайы операция жүріп жатыр

t.me/sputnik_kyrgyzstan

Бішкек маңында атыс басталды, арнайы операция жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бішкек маңында атыс басталды, арнайы операция жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24.kg ақпарат агенттігі мәліметінше, Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болып жатыр. Бішкекке баратын жол жабылған.

Реклама
Реклама

Басылымның дереккөзіне сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған, алайда олар оқ жаудырған.

Кейін Қырғызстанның ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қызметкерлері қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады. Бірақ олар қарулы қарсылық көрсеткен.

"Лаңкес жойылды. Оқиға орнында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді министрлік.

Sputnik Қырғызстанның мәліметінше, Дмитриевка ауылы Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, онда қарулы топты ұстау үшін арнайы операция жүргізіліп жатыр. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі қауіпсіздік қызметкері жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама