21 ақпан 2019 | 09:35

Бішкекте 6-қабаттан секірген қызды қағып алды - Оқиғаның видеосы жарияланды

видеодан үзінді

Бішкекте милиционерлер алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секірген қызды құтқарды, - деп хабарлайды Kaktus.media.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте милиционерлер алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секірген қызды құтқарды, - деп хабарлайды Kaktus.media.

Оқиға 20 ақпанда Тунгуч ықшамауданында болған. Суицид туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 14:20-да түскен. Куәгерлер қыз баланың алтыншы қабаттан секірмекші болып тұрғанын айтқан. 

Реклама
Реклама

"Қыз бала алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секірмекші болды. Есігі жабық болды. Райынан қайтару және төменнен айғайлау пайда бермеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кілем тауып, терезенің тұсында жайып ұстап тұрды. Оқиға орнына жеткен ТЖМ мамандары есікті ашты, алайда қыз бала ешкімге бой берместен секіріп кетті. Төменде тұрған милиционерлер қыз баланы аман алып қалды. Жайып ұстап тұрған кілем соққыны бәсеңдетті", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта қыз баланың неліктен суицидке барғаны тексеріліп жатыр. Қыздың кім екені анықталды, мамырда ол 18-ге толады екен. Қыздың жағдайы аса ауыр халде. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная