19 желтоқсан 2020 15:55

Бішкекте жойқын жарылыс видеоға түсіп қалған

Видеодан алынған кадр

Бішкекте қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Ахунбаев пен Набережная көшелерінің қиылысындағы "Таргет" қару-жарақ дүкенінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің полиция баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Реклама
Реклама

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 57 жастағы марқұм "Таргет" дүкенінің сатушысы болған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді ІІБ өкілі.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға болған жерден қоңырау 10:11-де келіп түскен.

"Бішкек Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына беті мен аяқ-қолын күйік шалған үш адам жатқызылды. Жедел жәрдемнің бір бригадасы оқиға болған жерде қалды, өйткені ТЖМ қызметкерлері төртінші зардап шеккен адамды іздестірді. Бұл полиция хабарлаған қата тапқан қызметкер болуы керек", - деп хабарлады жедел жәрдем өкілдері.

Өрттің шыққанын желіге видео салған куәгерлер хабарлаған. Ол жерге үш өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Тілсіз жау сағат 11:27-де ауыздықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram