ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2019 | 09:34
Бішкекте қытайларға қарсы митинг ұйымдастырған ер адам ұсталды
Бішкекте қытайларға азаматтық бермеуді талап етіп, ереуілді ұйымдастырды деген күдікпен Аманбол Бабақұлов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бішкекте қытайларға азаматтық бермеуді талап етіп, ереуілді ұйымдастырды деген күдікпен Аманбол Бабақұлов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, қытайларға азаматтық бермеуді талап ету мақсатында жасалған ереуілдің соңында қатысушылардың барлығы тарап кеткен. Бірақ құқық қорғау органдарының өкілдеріне бағынбаған 20-ға жуық адам ұсталған.
"Первомай аудандық ІІБ өкілдері наразылық білдіргендермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұсталғандарға қатысты хаттама толтырылды, сосын олар жіберіледі", - деп хабарлады басылымдағылар.
Еске салайық, кеше Бішкекте ереуілшілер қытайларға азаматтық бермеуді талап еткен болатын. Ереуілге шыққандардың басты талабы - этникалық қырғыздардан бөлек, Қытай азаматтарына Қырғызстанда азаматтық беруге мораторий жариялау. Акцияны ұйымдастырушы "Кырк чоро" көшбасшысы Аманбол Бабақұлов ереуілді ресми түрде әнұранмен бастаған еді.
Показать комментарии
Читайте также