16 қазан 2020 | 17:18

Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады - БАҚ

Фото: 24.kg

Қырғызстан астанасы Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан астанасы Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Бішкек орталығында наразылық шаралары өткені туралы бірнеше рет хабарланған болатын. Он күн бойы халық қаланың орталығына жиналып, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен парламент спикері Қанат Исаевтың отставкаға кетуін талап етті.

Реклама
Реклама

Бішкекте төтенше жағдай режимі алып тасталды

Сондай-ақ, Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Садыр Жапаровты қолдауға арналған шаралар да өтті.

Қазіргі таңда Бішкекте митингілер мен наразылық шаралары тоқтаған. Күн сайын бірнеше мың адам жиналатын Үкімет үйінің жанындағы алаң бос тұр. Сонымен қатар, президент резиденциясының алдында да наразылық білдірушілер жоқ. Күш құрылымдары, бас штаб және мемлекеттік қауіпсіздік органдары ғимараттарындағы жағдай бір қалыпты. Мэрия мен басқа да муниципалды мекемелердің алдына адамдар жиналмаған.

Наразылық шаралары мен митингілердің аяқталуы Жээнбеков пен Исаевтың отставкаға кетуімен тұспа-тұс келді. Мемлекет басшысының өкілеттігі Жапаровқа берілді.

Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Айта кетейік, 15 қазанда Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеді.

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан еді. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная