16 қазан 2020 | 11:34

Бішкекте төтенше жағдай режимі алып тасталды

©REUTERS

Қырғызстан парламенті ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай режимін жойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан парламенті ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай режимін жойды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Депутаттар жаппай наразылықтар аясында отставкаға кеткен президент Сооронбай Жээнбеков енгізген төтенше жағдай режимін жоюға бірауыздан дауыс берді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кететінін мәлімдеді. Қырғызстан конституциясына сәйкес президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенештің төрағасына (спикерге) өтеді. Қазір парламент спикері Қанатбек Исаев. Оған 78 адам дауыс берген, 2 адам қарсы болған. 

Сондай-ақ, ел заңдарының негізгі жинағында президент өкілеттігін Жогорку Кенеш спикері орындай алмаған жағдайда, қызметті премьер-министр немесе премьер-министрдің міндетін атқарушы орындай алатыны көрсетілген.

Ал Қырғызстанның жаңа премьер-министрі - Садыр Жапаров.

Президенттікке мерзімінен бұрын сайлау мемлекет басшысының өкілеті тоқтатылған күннен бастап үш ай мерзімде өткізіледі.

Президенттің міндетін атқарушы адам Жогорку Кенешке мерзімінен бұрын сайлау тағайындауға, үкіметті отставкаға жіберуге, мемлекет басшысын мерзімінен бұрын сайлауда президент лауазымына кандидат болуға құқылы емес.

5 қазанда Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлау қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылық білдіріп, алаңға шыққан болатын. Митингіге шыққандар қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, кейін президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді. Қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная