ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2020 | 13:12
Бішкекте төтенше жағдай режимі ұзарды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте тағы да төтенше жағдай режимін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте тағы да төтенше жағдай режимін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазан сағат 07.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілсін.
2. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Қыдырбайұлы Орозалиев төтенше жағдай енгізілген кезеңге Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының коменданты (бұдан әрі – Комендант) болып тағайындалсын.
3. Қырғыз Республикасының Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін комендатура құрылсын", - делінген Президенттің қаулысында.
Төтенше жағдай режиміне сәйкес, елде коменданттық сағат енгізілді.
"Комендатура азаматтардың келуінің және кетуінің ерекше режимін енгізуге міндетті:
- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ ереуілдерді, жиналыстарды, митингілерді, көше шерулерін, демонстрациялар мен пикеттерді өткізуге тыйым салуға құқылы;
- жергілікті жердің тұрғындары саналмайтын қоғамдық тәртіпті бұзушыларды, оның ішінде шетел азаматтарын олардың есебінен өздерінің тұрақты болатын жеріне немесе төтенше жағдай жарияланған жергілікті жерден тыс жерге шығарып жіберуге міндетті;
- азаматтар көп жиналатын орындардағы құжаттарды тексеруге міндетті. (...), - делінген хабарламада.
Еске салайық, мұның алдында 9 қазанда Бішкекте төтенше жағдай режимі жарияланғаны хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также