Кеше | 09:40

Бүгін - Әзербайжанда аза тұту күні

Фото ©️ Tengrinews.kz

Бүгін Әзербайжанда 25 желтоқсанда Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты аза тұту күні болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Әзербайжанда 25 желтоқсанда Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты аза тұту күні болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кету керек, бұған дейін тиісті шешімге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қол қойған болатын. Әзербайжандық БАҚ мәліметі бойынша, осыған байланысты елде тулар жартылай түсірілген.

Фото:Oxu.Az

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Бакуде жаңажылдық шыршалардың шамдары сөндірілді.

Oxu.Az порталы мәліметінше, Әзербайжанда аза тұту күніне байланысты 26 желтоқсанға жоспарланған барлық мәдени-көпшілік шаралар, елдің Мәдениет министрлігіне қарасты театрлар мен концерттік мекемелерде өтпейді.

Сондай-ақ брифингіде Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған барлық қазақстандықтың қаза тапқаны айтылды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.

Апат себебіне қатысты бірнеше нұсқа айтылды. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Тағы бір БАҚ бортта оттегі багы жарылғанын хабарлады. Embraer Ақтау әуежайына 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған:

  • 42 Әзербайжан азаматы;
  • 16 Ресей азаматы;
  • 6 Қазақстан азаматы;
  • 3 Қырғызстан азаматы;
  • Ұлты белгісіз екі әйел, біреуі шамамен 32 жаста, екіншісі шамамен 40 жаста.

Кейінгі мәліметтер бойынша, 29 адам аман қалған. Олар Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары.

Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная