ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2023 | 10:43
"Бүкіл әлемде проблемалар болады". Байден АҚШ-тағы дефолттың салдары туралы айтты
Америка Құрама Штатында болуы мүмкін дефолт бүкіл әлемді қиындықтарымен қорқытып жатыр. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен шарада президент Джо Байден айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америка Құрама Штатында болуы мүмкін дефолт бүкіл әлемді қиындықтарымен қорқытып жатыр. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен шарада президент Джо Байден айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Егер біз қарызымызды дефолтқа ұшыратсақ, бүкіл әлемде қиындықтар туындайды", - деді Ақ үй басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі дағдарысты республикашылар жасаған. Ол дефолт жағдайында ел экономикасы құлдырауға ұшырап, Вашингтонның халықаралық беделіне қатты нұқсан келетінін атап өтті.
Бұған дейін Байден Ақ үйде өткен брифингте "дефолт АҚШ экономикасы үшін жойқын болатынын" айтқан.
Сәрсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер Байденнің республикашылдармен бюджет туралы келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты.
"Ол бюджетке байланысты өз нұсқасын ұсынды және осылай әрекет ете береді. Жұма күні конгресс басшылары Ақ үйге президентпен сөйлесу үшін келген, алайда олар кешегі әңгімелерін жалғастыра берді", - деп келтіреді Жан-Пьер.
Байден мен Республикалық Палатадағы көпшілік көшбасшысы шығыстарды қысқарту туралы келіссөздерді жалғастыру үшін жұма күні кездеседі. Ақ үйдің баспасөз хатшысы мемлекеттік қарыздың шекті деңгейін көтеруге тікелей қатысты мәселелер алдағы келіссөздердің тақырыбы болмайтынын атап өтті.
"Біз қарызды шектеу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз. Бұл біздің істеп жатқанымыз емес. Мұны ешқандай шартсыз жасау керек. Біз бұл туралы нақты айттық", - деді Жан-Пьер.
"Конгресс әрекет етуі тиіс. Конгресс шара қолдануы керек. Олар мұны 1960 жылдан бері 78 рет жасады. Президентіміз де айтты: біз 200 жылдық тарихымызда ешқашан дефолтқа ұшыраған емеспіз. Сондықтан сіздер конституциялық қарызды орындаңыздар және жасаңыздар", - деп қосты ол.
Осы жылдың қаңтар айындағы АҚШ қарызы 31,38 триллион долларға жеткен. Сәуірде республикалық бақылайтын Өкілдер палатасы шығыстарды қысқарту орнына мемлекеттік қарыздың үстемеақысын қосымша 1,5 триллион долларға көтеру туралы заң жобасын қабылдады. Алайда демократиялық партияның бақылауындағы Сенат бұл ұсынысты мақұлдамайтынын мәлімдеді.
Үстемеақыны көтермей, АҚШ үкіметі шығындарды жабу үшін бұдан былай қарыз ала алмайды. АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен республикашылдар мен демократтар ұлттық қарыз лимитін көтеру туралы келісімге келе алмаса, үкімет 1 маусымда дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін бірнеше рет ескертті. Еске салайық, АҚШ өз тарихында ешқашан дефолтқа жол берген емес.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также