ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2020 | 09:13
"Бұл белгісіз". ДДҰ коронавирусты қайта жұқтыру мәселесіне жауап бере алмады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан жазылғандар оны қайта жұқтыруы мүмкін бе деген сұраққа жауап беруге дайын емес. Бұл туралы денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бойынша ДДҰ бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан айтты, - деп хабарлайды CNBC.

"Жазылғандардың вирусты қайта жұқтыруына келер болсақ, бізде бұл мәселеге жауап жоқ деп санаймын. Бұл белгісіз", - деді ол Женевадағы брифингте.
ДДҰ өкілі Мария Ван Керкховенің сол брифингте айтуынша, әзірше коронавирусқа иммунитеттің қалай жасалатыны белгісіз.
"Қазіргі уақытта вирустан жазылғандардың ықтимал иммунитеті тіралы аз ғана ақпарат бар", - деді маман.
Бұған дейін әр елдің дәрігерлері коронавирусты екінші рет жұқтырған науқастар бар екенін айтқан еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также