ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2020 | 10:32
Бұл соңғы пандемия емес - ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазіргі COVID-19 соңғы пандемия болмайтынын ескертті, сондықтан одан сабақ алуға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазіргі COVID-19 соңғы пандемия болмайтынын ескертті, сондықтан одан сабақ алуға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Тарих бізге бұл соңғы пандемия емес екенін және эпидемиялар өмірде кездесетін жағдай екенін көрсетті", - деді Гебрейесус 27 желтоқсанда атап өтілетін Халықаралық эпидемияға қарсы дайындық күніндегі бейнеүндеуінде.
ДДҰ басшысының айтуынша, соңғы 12 айда әлем "төңкеріліп" кетті, ал пандемияның инфекция таралуымен қатар қоғамдар мен экономикалар үшін үлкен салдарлары болды.
"Біз бәріміз пандемия үйретіп жатқан сабақтарды меңгеруіміз керек. Біріншіден, барлық ел төтенше жағдайлардың алдын алу, анықтау және салдарын жеңілдету үшін дайындыққа инвестиция жасауы керек", - деді Гебрейесус алғашқы медициналық-санитарлық көмектің маңызын атап өтіп.
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялаған болатын. ДДҰ-ның соңғы деректері бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырудың 78 миллионнан аса жағдайы анықталды, 1,7 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также