ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2016 17:35
Бүліктен кейін өлім жазасын енгізу мүмкіндігі қаралып жатыр - Түркия премьері
Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым баспасөз мәслихатында елдің Конституциялық кеңесінің мемлекеттік төңкеріске жасалған әрекеттен кейін өлім жазасын енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.
"Конституцияға сәйкес, бізде өлім жазасы алып тасталған. Алайда бүгін болған оқиға сияқты жағдайлардың алдын алу үшін қажетті өзгерістер енгізілуі мүмкін. Түркияның Конституциялық кеңесі партиялармен бірігіп, бұл мәселені парламентте қарайды", - деп келтіреді Йылдырымның сөзін РИА Новости.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу