Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды

twitter.com/VaticanNews

Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды. Бұл туралы Қасиетті Тақтың баспасөз қызметінің жетекшісі Маттео Бруни мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы Рим Папасы XVI Бенедикт қайтыс болды. Бұл туралы Қасиетті Тақтың баспасөз қызметінің жетекшісі Маттео Бруни мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Папа 95 жаста еді. Өмірінің соңғы жылдарында ол Ватикан бақтарында Mater Ecclesiae-тің шағын монастырінде тұрды.

"Бүгін сағат 09:34-те Ватикандағы Mater Ecclesiae монастырінде Рим Папасы құрметті XVI Бенедикт қайтыс болғанын қайғы-қасіретпен хабарлаймын", - деп жазған ол.

Реклама
Реклама

Еске салайық, XVI Бенедикт(Жозеф Ратцингер, Мюнхеннің бұрынғы архиепископы) 2013 жылғы 11 ақпанда тақтан бас тартқанын мәлімдеді. Оған денсаулығының нашар бол бастағаны мен жасының ұлғайғаны себеп болған.

XVI Бенедикттің тақтан бас тартуы Ватикандағы бірнеше ғасырдағы бірінші оқиға. 1415 жылы Констанс Кеңесі Рим Папасы XII Григорийдің отставкасын қабылдады, ал бұрын өз еркімен тақтан бас тартқан жалғыз папа V Целестин болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная