23 сәуір 2022 | 12:23

БҰҰ бас хатшысы Мәскеудегі келіссөздерден кейін Украинаға барады

© РИА Новости

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 28 сәуірде Украинаға барады, онда сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездеседі, сонымен қатар президент Владимир Зеленскийдің қабылдауында болады. Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш 28 сәуірде Украинаға барады, онда сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездеседі, сонымен қатар президент Владимир Зеленскийдің қабылдауында болады. Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Гутерриш Украина халқына гуманитарлық көмекті кеңейтуді талқылау үшін БҰҰ агенттіктерінің қызметкерлерімен де кездесуді жоспарлап отыр. 

Бұған дейін 26 сәуірде Гутерриш Мәскеуге Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізу үшін баратыны белгілі болған еді. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен де кездеседі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Гутерриш Ресей мен Украина басшыларынан Украинадағы жағдайды талқылау үшін оны Мәскеу мен Киевте қабылдауды сұраған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная