24 ақпан 2022 | 10:50

БҰҰ басшысы Путинді сарбаздарды тоқтатуға шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей президенті Владимир Путиннен ресейлік әскердің Украинаға шабуылын тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей президенті Владимир Путиннен ресейлік әскердің Украинаға шабуылын тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін бір аптада екінші рет жиналды. Сессиядан үзінділер ұйымның Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

Реклама
Реклама

"Мен бір нәрсені шын жүрегіммен сұраймын: президент Путин, әскерлеріңіздің Украинаға шабуыл жасауын тоқтатыңыз, бейбітшілікке мүмкіндік беріңіз", - деді Гутерриш.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей әскері Украинаға жаппай басып кіргені туралы мәлімдемесінен кейін, Гутерриш Путинді әскерін қайтаруға шақырды.

"Қазіргі жағдайда өз үндеуімді өзгертемін: президент Путин, адамзат үшін, өз әскерлеріңізді Ресейге қайтарыңыз. Бұл қақтығыс қазір тоқтауы керек", - деді БҰҰ басшысы.

Осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін, Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялаудың жоқтығын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная