ПОДЕЛИТЬСЯ
27 сәуір 2019 | 17:46
БҰҰ-да бітімгерлік операцияға әйелдерді қатыстыру талқыланды
Әйелдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бітімгершілік операцияларында алатын орыны. Халықаралық ұйымның отырысында осы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды Хабар 24.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әйелдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бітімгершілік операцияларында алатын орыны. Халықаралық ұйымның отырысында осы мәселе талқыланды, - деп хабарлайды Хабар 24.
Нәзік жандылардың мұндай миссияларға қатысуы жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға және өзара тіл табысуға елеулі үлес қосады. Сондай-ақ, бұл гендерлік тепе-теңдікті сақтайды. Кеңес мәжілісінде соңғы төрт жылда бітімгер әйелдердің саны тек бір процентке артқаны айтылды.
Ал жалпы бітімгершілік әскер құрамындағы үлесі 5 пайыздан аз. Дегенмен, әйелдер өз міндеттерін тиянақты орындайтынын көрсетті.
"Нағыз табысқа жету үшін әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығы арқылы олардың әлеуетін арттыру, көшбасшы болуына көмектесу және бейбіт келіссөздерге қатыстыру қажет. Донор елдерді ағарту жобаларына басым көңіл бөліп, шиеленісті аймақтардағы әйелдер мен қыздарға көбірек стипендия бөлуге шақырамыз. Қазақстан бітімгершілік миссияларға жақсы дайындалған мамандарды жіберіп жүр. Олар "КАЗЦЕНТ" орталығында оқытылады", - Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Қанат Тұмыш.
Показать комментарии
Читайте также