ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 17:34
БҰҰ Эфиопиядағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Эфиопиядағы соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Эфиопиядағы соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.
Колумбияға үкімет пен демобилизацияланған революциялық қарулы күштер (FARC) арасындағы бейбіт келісімнің бес жылдығын атап өту үшін барған Гутерриш соғыс қимылдарын тез арада тоқтатуға шақырды.
"Бүгінгі Колумбиядағы бейбітшілік процесі мені Эфиопиядағы қақтығыс тараптарын сөзсіз және дереу атысты тоқтатуға шақыруға шабыттандырады", - деді Гутерриш Колумбия президенті Иван Дукемен бірге сөйлеген сөзінде.
БҰҰ Бас хатшысының пікірінше, Эфиопиядағы әскери іс-қимылдарды тоқтату эфиопиялықтар арасында диалог орнатуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өңір тұрақтылығына өз үлесін қосады.
"Колумбияның Эфиопия басшыларына үлгі болғанын қалаймын", - деп толықтырды Гутерриш.
Эфиопия билігі мен Тиграй билігіндегі солшыл партия "Тиграйды азат етудегі халықтық майдан" (TPLF) арасындағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың 4 қарашасында басталды.
БҰҰ мәліметтері бойынша, қақтығыс салдарынан ондаған мың адам Эфиопиядан Суданға қашып кеткен. Ұйым бірнеше рет эфиопиялық Тиграй аймағының тұрғындары кейінгі онжылдықта бұрын-соңды болмаған ашаршылық алдында тұрғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также