ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2022 | 09:13
БҰҰ конференциясында Лавровқа бойкот жарияланды
1 наурызда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров БҰҰ конференциясында сөйлеп жатқанда шамамен 40 батыс елі мен олардың одақтастарынан, сондай-ақ Жапониядан 100-ден аса дипломат бойкот жариялап, Ресейдің Украинаға басып кіруіне наразылық білдіріп залдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Дипломаттар Лавровтың алдын ала жазылған сөзі басталғанда залдан шығып кетті", - делінген хабарламада.
Ресей министрінің сөзін тыңдауға бірнеше делегация өкілі ғана қалды - Қытай, Йемен, Алжир, Венесуэла, Сирия және Тунис.
ЕО, АҚШ және Ұлыбритания өкілдері мұны Ресейдің Украина аумағына басып кіруіне наразылық ретінде жасағанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также