19 қаңтар 2022 12:15

БҰҰ Меркельге жұмыс ұсынды - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркельге ұйымда кеңесші болуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Der Spiegel басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркельге ұйымда кеңесші болуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Der Spiegel басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Гутерриш Меркельді ғаламшардың бүкіл халқына әлеуетті түрде қызмет ететін жаһандық қоғамдық игіліктерге қатысты жоғары деңгейдегі кеңесші органға төрағалыққа шақырған. Жаһандық қоғамдық игіліктердің мысалдары ғылым, денсаулық, бейбітшілік, қоршаған ортаны қорғау, әлемдік экономика, авиациялық қауіпсіздік және жаһандық сауда.

БҰҰ басшысы Меркельге ресми хат жолдағаны айтылған. Алайда агенттік дереккөздері Германияның бұрынғы басшысы бұл ұсынысты қабылдамайтынын айтты.

Реклама
Реклама

Басылымның хабарлауынша, бас тартқан жағдайда Меркельге БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша басшы лауазымы ұсынылуы мүмкін, өйткені БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының атқарушы хатшысының қазіргі басшысы Патрисия Эспинозаның өкілеттік мерзімі аяқталады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram