БҰҰ қоры Мьянма босқындарына 7 миллион доллар бөледі

© Reuters

Б??-ны? Гуманитарлы? м?селелер ж?ніндегі бас хатшы орынбасары Марк Лоукок Т?тенше жа?дайлар?а ?рекет ету ж?ніндегі Орталы? ?ордан (ЦФРЧС/CERF) Мьянма бос?ындарына к?мек ретінде 7 миллион доллар б?лінгенін м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелер жөніндегі бас хатшы орынбасары Марк Лоукок Төтенше жағдайларға әрекет ету жөніндегі Орталық қордан (ЦФРЧС/CERF) Мьянма босқындарына көмек ретінде 7 миллион доллар бөлінгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"CERF - адамдарға қайда және қашан болса да көмек көрсетудің жылдам түрі", - деп мәлімдеді Лоукок. Оның айтуынша, қор қосымша баспана мен азық-түлік береді, сондай-ақ, ауыр жағдайда жатқан адамдарға медициналық көмек көрсетеді.  

Сонымен қатар, ол Мьянмадан қашып жатқандардың қауіпсіздігін сақтауды және гуманитарлық көмектің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге шақырды. 

Реклама
Реклама

Мьянма әскерилер мені қауіпсіздік күштері тамыздың соңынан бері Ракхайн штатында рохинджадан шыққан "ислам содырларына" қарсы операция жүргізіп жатыр. Операциялар рохинджа содырларының 25 тамызда бірнеше полиция бекеті мен армия казармаларына шабуыл жасағанынан кейін басталған. Кейін 400-ге жуық адамның қаза тапқаны хабарланды. Түрлі мәлімет бойынша, елден Бангладешке 146 мыңнан 300 мыңға дейін адам бас сауғалап қашқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама