ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2022 | 09:34
БҰҰ Ресейді Қауіпсіздік Кеңесінен шығару мүмкін емесін мәлімдеді
АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде мүше болуы ыңғайсыздық тудырады, оқшаулануы мүмкін, бірақ оны мүшеліктен шығара алмаймыз деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде мүше болуы ыңғайсыздық тудырады, оқшаулануы мүмкін, бірақ оны мүшеліктен шығара алмаймыз деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.
Бір күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский де осындай бастама көтерген болатын. Ол ресейлік әскерлерді Киев облысының Буча қаласында әскери қылмыс жасады деп айыптаған болатын.
"Мен сіздерге күн сайын қаза болғандарды, азапталып, желкесінен оққа ұшқан бейбіт тұрғындарды еске алатын халықтың атынан хат жазып отырмын. Олардың кейбірі көшеде оққа ұшса, кейбірі құдықтардың ішінде азаппен өлді. Олар өз пәтерлерінде, үйлерінде граната лақтырылғаннан кейін өлді. Оларды өз көліктерінде танктер басып өлтірді", - деді Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 5 сәуірдегі Украинадағы жағдай туралы.
Бұл арада Мәскеу Бучадан табылған қаза тапқандардың мәйіттерін арандатушылық деп санады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл арандатушылық елдер арасындағы келіссөздер процесін бұзуға бағытталғанын айтты.
"Соңғы күндері Батыс пен Украинаның үгіт-насихаттаушылары тек Киев облысының Буча қаласында Украинаның әскери және қауіпсіздік қызметі түсірген видеоның айналасында арандатушылықты күшейту үшін ғана жұмыс істеп жатыр. Шындыққа жанаспайтын жалған арандатудың себебі неде? Біз бұны болып жатқан келіссөздерді бұзуға себеп табу деп ойлаймыз", - деді Лавров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также