02 маусым 2022 | 08:07

БҰҰ Түркияның халықаралық атауын өзгертуді мақұлдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияның халықаралық атауын өзгерту туралы өтінішін мақұлдады, - деп хабарлайды Habertürk басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияның халықаралық атауын өзгерту туралы өтінішін мақұлдады, - деп хабарлайды Habertürk басылымы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлудан Бас хатшы Антониу Гутерришке Түркияның шет тілдердегі атауын Turkiye деп өзгертуді талап ететін хат алғандарын айтты.

Дюжаррик ел атауын өзгерту хатты алған сәттен бастап күшіне енетінін айтты.

Реклама
Реклама

"Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен елдің беделін көтеру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысының атына жолдаған хатым бойынша, еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде Türkiye деп тіркейміз. Тек жақсылыққа бастасын!", - деп жазды Чавушоғлу.

Осылайша, бұдан былай Turkiye ("Туркийе") атауы барлық халықаралық форумда және ресми құжатта қолданылады. Бұрын Turkey, Turkei, Turquie деп жазылған.

Еске салайық, Түркия БҰҰ-ға елдің атын шет тілдерінде жазуды өзгерту туралы ресми өтініш берген болатын. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная