ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2022 | 13:33
БҰҰ Украинада қаза тапқан адам санын жариялады
БҰҰ Украинадағы бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қайтыс болғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҰҰ Украинадағы бейбіт тұрғындар арасында қанша адам қайтыс болғанын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҰҰ жоғарғы комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) Twitter-дегі ресми парақшасында 24 ақпанда соғыс басталғаннан бері Украинада кемінде 227 бейбіт тұрғын қаза тауып, 525 адам жарақат алғанын айтты.
"2022 жылы 24 ақпанда таңғы сағат 4-тен Ресей Федерациясы Украинаға қарсы соғыс қимылдарын бастаған кезден бері 2022 жылы 1 наурыз түн ортасына дейін Украинада 752 адам қайтыс болды немесе жарақат алды. Соның ішінде 227 адам қайтыс болды (31 ер адам, 25 әйел, 6 ұл және 3 қыз, сондай-ақ, жынысы әлі анықталмаған 6 бала және 156 ересек) және 525 жаралы (42 ер адам, 33 әйел, 7 қыз және 2 ұл, сондай-ақ, жынысы әлі анықталмаған 19 бала және 422 ересек)", - делінген құжатта.
Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқан немесе жарақат алған жағдайлардың себебі ауыр артиллериядан, реактив зымырандардан және әуе соққыларынан, жарылғыш құрылғылардан болған.
БҰҰ АҚЖКБ нақты сан әлдеқайда жоғары деп санайды, бұл ақпарат қосымша расталуы қажет. Соғыс қимылдары жалғасып жатқан кейбір жерлерден ақпарат алу қиын.
Бұған дейін Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинадағы Ресей әскерінен қанша адам қаза тапқанын жариялады. Ведомство мәліметінше, 498 әскери қайтыс болған, 1597 адам жарақат алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также