ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2022 | 09:11
БҰҰ Украинадан кеткен босқындар санын айтты
БҰҰ Украинадан кеткен босқындар саны 4,9 миллион екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҰҰ Украинадан кеткен босқындар саны 4,9 миллион екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының сайтына сілтеме жасап.
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы 24 ақпаннан бері Украинаның көрші елдермен шекарасынан 4 934 415 босқын өткенін хабарлады.
17 сәуірдегі жағдай бойынша, Польша шекарасынан 2 780 913 босқын өтсе, Румынияда - 743 880, Ресейде - 522 404, Венгрияда - 461 539, Молдовада - 423 852, Словакияда - 337 311, Беларусьте - 2396 босқын.
©REUTERS
Бұл сандарға қоса, БҰҰ БЖКБ 18-23 ақпан аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 мың адам кеткенін хабарлады.
©REUTERS
Одан бөлек, агенттік 7,1 миллионға жуық украиналықты ішкі босқындар деп есептейді және олардың саны "минут сайын артып келеді".
"Украинадағы қақтығыстың өршуі бейбіт тұрғындар қаза болуына және азаматтық инфрақұрылым қирауына әкеліп соқты, бұл адамдар қауіпсіздік, қорғаныс және көмек іздеп үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Алғашқы бес аптада Украинадан төрт миллионнан аса босқын көрші елдердің шекарасын кесіп өтті, одан да көп адам ел ішінде көшіп жүруге мәжбүр. Олар қорғаныс пен қолдауды іздейді", - деді агенттік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также