27 сәуір 2023 | 17:51

"Біздің президент өте күшті" - Ердоған әкімшілігі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tccb.gov.tr

Режеп Тайып Ердоған "өте күшті" және елді басқаруды жалғастырады. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Режеп Тайып Ердоған "өте күшті" және елді басқаруды жалғастырады. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ыстамбұлда сөйлеген сөзінде Алтун Ердоған елді әлі ұзақ уақыт басқаратынын, президенттің денсаулығы туралы қауесет саяси мақсаттарды көздейтінін айтты.

Реклама
Реклама

"Президенттің денсаулығы туралы осындай қауесеттер мен жалған ақпарат арқылы саяси шындықты өзгертуге тырысады. Біздің президент өте күшті, энергиясы толы және әлі ұзақ уақыт бойы елді басқаруын жалғастырады", - деді ол.​​​​​​

Еске салайық, 26 сәуірде Ердоған тікелей эфир кезінде ауырып қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная