Черногория үшін үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін - Трамп

Камила Долаева Журналист
© REUTERS

Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында "Черногорияға байланысты үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін, ал чернагориялықтар агрессивті" халық деп атады, - деп хабарлайды РИА Новости.

REUTERS мәліметінше, Трамп соғыстың НАТО ұжымдық қорғанысы себебінен басталуы мүмкіндігін айтты. Осыған байланысты альянстың бір мүшесіне шабуыл жасалса, қалған мемлекеттер соғыс әрекетіне қосылып кетеді. 

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт бүгінге дейін Черногориядан телефон соғып, АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесіне наразылық білдіргендер жоқтығын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Менің білуімше, бізге әлі телефон қоңырауы келіп түспеді", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол АҚШ-тың альянс ұстанымына сәйкес, Черногорияны НАТО мүшелері секілді қорғайтынын айтты.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама