02 қыркүйек 2020 | 10:41

Charlie Hebdo журналы Мұхамед пайғамбар туралы карикатураны қайта жариялады

Францияның сатиралық Charlie Hebdo журналы Мұхамед пайғамбар туралы карикатура жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияның сатиралық Charlie Hebdo журналы Мұхамед пайғамбар туралы карикатура жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жаңа шығарылымы 2015 жылдың қаңтарында Charlie Hebdo апталық редакциясында және Hyper Cacher супермаркетінде жасалған террорлық іс бойынша сот процесінің басталуы қарсаңында онлайн режимде қолжетімді болды. Бұл іс бойынша сот тыңдалымы 2 қыркүйекте басталып, 10 қарашаға дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

"2015 жылдың 7, 8 және 9 қаңтарындағы терактілер туралы арнайы шығарылым", - деп жазылған газет парақшасында.

Еске салайық, бастапқыда пайғамбарды бейнелейтін 12 карикатура 2005 жылдың 30 қыркүйегінде Данияның Jyllands-Posten газетінде жарияланған болатын. Charlie Hebdo сатиралық басылымы бұл карикатураны қайта басып шығарып, шу шығарған еді. Бұл карикатура діни сенушілердің наразылығын туғызып, ал басылым редакторы Филип Валь 2007 жылы сот алдына келген еді. Бірақ ақталып шыққан болатын. 

Содан 2015 жылдың 7 қаңтарында Францияда Charlie Hebdo журналының редакциясына террорлық шабуылдар жасала бастады. Үш күннің ішінде 17 адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная