Чехия президенті Милош Земан ауруханаға түсті

Чехия президенті Милош Земан ауруханаға түсті Фото: Reuters

Чехия президенті Милош Земан Прагадағы орталық әскери госпитальге (ОӘГ) жатқызылды, - деп хабарлайды CNN Prima News.

Чехия президенті Милош Земан Прагадағы орталық әскери госпитальге (ОӘГ) жатқызылды, - деп хабарлайды CNN Prima News.

"Президент Милош Земан мен премьер-министр Андрей Бабиштің кездесуінен кейін көп ұзамай Президенттің саяжай резиденциясынан президенттік автокөлікпен бірге ОӘГ жедел жәрдем көлігі шығып кетті", - деп хабарлады телеарна.

РИА Новости мәліметінше, 77 жастағы Земанның денсаулығы халық назарында болып отыр, өйткені ол партияаралық келіссөз процесінде және парламенттік сайлаудан кейін жаңа үкіметті құруда маңызды роль атқарады.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін БАҚ-та президенттің денсаулығы нашарлағаны хабарланған, ол қайтыс болуы мүмкін деген де ақпарат шыққан. 

Оның алдында Земан невропатиямен ауыратыны белгілі болған, сол себепті ол биылғы көктемнен бастап мүгедек арбасында жүрді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама