ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 09:57
Чехия тұрғындары президенттің "ресейшіл" саясатына наразылық білдірді
Чехия астанасы орталығына мыңдаған адам жиналып, ел президенті Милош Земанның саясатына наразы болды, - деп хабарлайды DW.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Чехия астанасы орталығына мыңдаған адам жиналып, ел президенті Милош Земанның саясатына наразы болды, - деп хабарлайды DW.
29 сәуірде кешке Прагадағы Вацлав алаңына 10 мыңға жуық адам жиналып, Чехия Президенті Милош Земанның Ресейге қатысты саясатына наразылық білдірді.
Акцияны "Демократия үшін миллион сәт" қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған. Оның өкілдерінің айтуынша, Земан Чехияны "Ресейдің қолына" бағыттап, "ресейлік жалған ақпарат сайттары мен ресейлік үгіт-насихатты" таратып жатыр.
Қозғалыс төрағасы Беньямин Ролл егер Земан президент болып қалса, ол "қауіпсіздікке қауіп төндіретінін" айтты. Наразылық білдірушілер Земанды сотқа беру үшін петицияға қол қойған. Олар президентті мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады.
Бұған дейін, 27 сәуірде Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Милош Земанның Чех тергеуінде Врбетицедегі оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстың екі нұсқасы бар: оқ-дәрілерді ұқыпсыз пайдалану және шетелдік барлау қызметтерінің қатысуы мүмкін деген сөздерін жоққа шығарды. Бабиштің айтуынша, Чехия билігі Врбетицадағы жарылыстың тек бір нұсқасын қарастырып жатыр. Ол ресейлік барлау қызметтерінің қатысу нұсқасы.
Чехия бірден 18 ресейлік дипломат елден шығарылғанын жариялады
Өз кезегінде Чехия ІІМ басшысы Ян Гамачек Земанды сынға алып, сегіз минутта "мұндай қиын жағдайды" түсіндіруге тырысу "пайдасыз" және тек "Мәскеуді қуантады" деді.
Ресей мен Чехия арасындағы дипломатиялық дағдарыс 17 сәуірде басталған. Прага Мәскеуді Ресейдің арнайы қызметтерін 2014 жылы Врбетице ауылындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстарға қатысы бар деп айыптаған. Нәтижесінде екі адам қайтыс болған.
Кремль Прага айыптауларын қабылдамады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также