Чехияда Украинадан келген босқындарға байланысты төтенше жағдай енгізілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon 524
©REUTERS ©REUTERS

Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Radio Prague сілтеме жасап.

Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Radio Prague сілтеме жасап.

Чехия премьер-министрі Петр Фиала төтенше жағдай 4 наурыз, жұма күні басталып, 30 күнге созылатынын мәлімдеді. Қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін.

"Украинадан 30 мыңға жуық босқын келді. Олардың біздің елде тұруын тиімді ұйымдастыру үшін үкімет 4 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялады", - деп түсіндірді премьер-министр.

Реклама
Реклама

Чехия үкіметінің басшысы босқындарға да, елге де қауіп төніп тұрмағанын айтып,  азаматтардан үрейленбеуді сұрады. Ол Чехия Еуропалық Одақ пен НАТО-ның бөлігі екенін, бұл аймақтағы қауіпсіздік күшейтілгенін айтты.

Чехияның Ішкі істер министрі Вит Ракусан да Украинадан елге күн сайын 5 мыңға жуық босқын келетінін қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Гүлнара Досымшалова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная